Трамп: Техастағы атыс - қару мәселесі емес, «психикалық ауытқудан» болған

/uploads/thumbnail/20171106150147793_small.jpg

Бүгін АҚШ Президенті Дональд Трамп 26 адам қаза тапқан Техастағы жаппай атыс-шабыстың америкалықтардың еркін қару-жарақ ұстау заңына емес, психикалық ауытқудың салдарынан болды деген уәж айтты,- деп Qamshy.kz ақпарат агенттігі  Reuters-ке сүйене отырып жазады.

Токиодағы баспасөз мәслихатында тілшілер Трамптан қанды оқиғаға жауап ретінде «Американың қару туралы заңнамасына қандай да бір өзгерістер ендіріле ме?» деп сұраған еді.  

Оған жауапты Президент Трамп былайша қайырды:

«Біздің елімізде басқа елдердегідей «психикалық ауытқулары» бар адамдар өте көп. Бірақ бұл қару мәселесі емес, қуанышқа орай, қылмыскерге қарама қарсы бетте оған оқ атқан адам болды. Бұл «психикалық ауытқудың» ең қауіпті жағдайы. Мұндай оқиғаның болуы өте өкінішті».

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар