Құқыққорғаушы: Атамбаев жиіркенішті түрде кетті, Жээнбеков дәл солай келді

/uploads/thumbnail/20171106171806832_small.jpg

Қырғызстанда оппозициялық депутат Аида Салянова Ұланның бауыры өлтірілген. Бұл туралы құқыққорғаушы Динара Ошурахунова өзінің Фейсбуктегі парақшасында мәлімдеді. Құқықорғаушының айтуынша, депуттатың бауырының өлімінің астарында астыртын саясат жатыр, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

«Бұл биліктің елесі де қалмады. Оппозициялық депуттатың бауырының өлімінің астарында саясат жатыр. Тергеушілер тергеу нәтижелерін қанша жерден дәлелдеп, көрсетіп әуреленгенімен, ақиқат бәрін аян. Атамбаев жиіркенішті түрде кетіп барады, Жээнбеков жиіркенішті түрде келеді», - деді Ошурахунова.

Айта кетейік, 6 қарашаға қараған түні Қырғызстанда парламент депутатының туған ағасы өлтірілді. Жергілікті ақпаратқа сәйкес, Саляновтардың үйіне жүзі жасырынған 4 адам кіріп, үй иесінің баласына тапанша тақаған. Артынша төбелеске ұласып, бірнеше мәрте оқ атылды. Нәтижесінде, 42 жастағы ер адам қаза тапты.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар