Астана тұрғыны сәбиіне Бәйдібэкспо деген есім қойған, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі қала әкімдігіне сілтеме жасап.
Астана қаласының үш – Есіл, Сарықарқа, Алматы аудандарында қаңтар мен қазан аралығындағы статистикаға сәйкес 25 735 сәби дүниеге келген.
Биылғы жылы қыздар арасындағы ең танымалдарының қатарына София, Амира,Кәусар, Елдана есімдері кірді. Ал ұлдарын Әлихан, Алан, Арлан деп атаған ата-ананың саны көп.
«Оның үстіне мемлекеттегі болып жатқан іс шараларға сәйкестендіріп есім қою салты тағы бар. Халықаралық ЭКСПО көрмесі өтіп жатқан уақытта Бәйдібэкспо деген есім тіркелген», делінген әкімдіктің хабарламасында.
Пікір қалдыру