«Қазгидромет» РМК 7 қарашаға арналған ауа-райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын болады. Тек батыс, оңтүстік, солтүстік және солтүстік-батыс аймақтарда жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республиканың кей жерлерінде желдің күшеюі мен тұман, көктайғақ күтіледі.
Ақмола, Қарағанды облыстарында тұман, көктайғақ болады. Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде желдің күшеюі 15-20 м/с, тұман күтіледі. Алматы, Қызылорда, Атырау, Батыс-Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік-Қазақстан облыстарының кей жерлерде тұман күтіледі. Павлодар облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, күндіз жел 18 м/с күшейеді. Оңтүстік-Қазақстан облысының күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Пікір қалдыру