АҚШ-та әйел жүктілік кезінде аяқ-қолынан айырылған (фото)

/uploads/thumbnail/20171107090416275_small.jpg

АҚШ-та әйел сепсис ауруын жұқтырып, жүктілік кезінде ауруы асқынып аяқ-қолынан және сәбиінен айырылып қалған. Бұл туралы РИА Новости хабарлайды.

31 жастағы Кайлей Уолкер жүктіліктің 6-айында болған. Дәрігерлер әйелді тұмаумен ауырған деп ойлаған. Алайда, ол тұмау емес, сепсис екені анықталып, оның баласы түсіп қалған. Екі апта комада жатқан әйелдің аяқ-қолы шірей бастаған. Әйелді құтқарудың бір ғана жолы қалған: қолы мен аяғын ампутациялау.

Алдағы уақытта Кайлейге протез салатын болады. Ал қазір, ол жаңа өмірге машықтануда.  

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар