Павлодарда қоқыс жәшігінен Мемлекеттік Елтаңба табылды (видео)

/uploads/thumbnail/20171107095204584_small.jpg

Павлодар тұрғыны қоқыс жәшігінен мемлекеттік рәміздердің бірін тауып алған. Елтаңба орталық стадион маңындағы қоқыс жәшіктерінің бірінен сенбілік барысында табылды. Табылған елтаңбаны футбол жанкүйерлері ұялы телефондарына түсіріп алған. Бұл туралы 31 арнаның жаңалықтар қызметі хабарлады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Дәл сол уақытта жергілікті «Иртыш» және қарағандылық «Шахтер» клубтарының арасында матч жүріп жатқан.

Мемлекеттік рәміз құрылыс қалдықтарының арасында жатты. Спорт нысаны әкімшілігінің айтуынша, қызметкерлер елтаңбаны сенбілік барысында тауып алған. Ал оны кімнің тастағаны әлі белгісіз. Стадион маңында екі бірдей мемлекеттік мекеме орналасқанын айта кету керек: бірі қалалық сот болса, енді бірі облыстық спорт басқармасы. Егер іс қозғалып, кінәлі табылған уақытта оларға мемлекеттік рәмізді қорлады деген айыппен қылмыстық жауапкершілік жүктелуі мүмкін. 4 жарым млн. теңге көлемінде айыппұл төлейді немесе 2 жылға сотталады.

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар