АҚШ президенті Дональд Трамптың кортежіне саусағын көрсеткен америкалық әйел жұмысынан қуылды. Бұл туралы жергілікті Huffington Post хабарлайды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Ақ үйдің фотографы Трамптың кортежіне дөрекі ым көрсеткен велосипедшіні суретке түсіріп алған. Сурет әлеуметтік желіге тарап үлгерді. Желі қолданушылардың көбі әйелдің бұл іс әрекетін батылдыққа балады.
Кейін анықталғандай, басшылық 50 жастағы Джули Бриксмэнді шақырып алып, оның әрекетін компания саясатын бұзушылыққа жатқызатынын жеткізген. Әрі суреттердің кеңінен таралуы мемлекеттік тапсырыстарды орындайтын компанияның атына кір келтіруі мүмкін екенін ескеріп, әйелді жұмыстан шығарған.
Пікір қалдыру