Соңғы бір айдан бері Андрей Аршавин мен зайыбы Алиса Казьминаның арасындағы отбасылық жағдайға қатысты қауесет көбейді. Оның рас, өтірігі қайсы? Қазақстан кубогін жеңіп алып, еліміздің біріншілігінде күміс медальды қанағаттанған Алматының «Қайратында» ойнайтын футболшының бұл әңгімеге қатысты айтары бар ма?
Әрине, Аршавиннің ресейлік фанаттары үшін бұл оқиға алғашқыда тосын көрінгені рас. 2016 жылы үйленген олардың шаңырағының шырайы бұзылғанына кім кінәлі? Ресейлік БАҚ пен интернет сайттарына берген сұхбатында Алиса Казьмина мұны жоққа шығарған, бірақ артынан екіұштылау етіп те жауап қайтарған. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі Айқынға сілтеме бере отырып жазады.
Олардың ортасында бір қызы бар. Инстаграмға жазған жазбасында Алиса алғашқыда «бұл жалған» деп әңгімеге нүкте қойған. Алайда бірнеше күннен кейінгі жауабында «иә, біз ажырасып жатырмыз, бұл – тағдыр» деп тағы Аршавиннің фанаттарын әбігерге салған. Бірақ осы уақытқа дейін үнсіздік танытып келген Андрей Аршавин ресейлік интернет сайттарға берген жауабында өкінішке қарай, мұның растығын айтты.
–Иә, мен армансыз қыдырдым, оны жоққа шығармаймын. Ақиқатын айтсам, кей кездерде Алисаға деген махаббатымды таза күйінде сақтай алмадым. Әдептілік пен сенім шекарасынан асып кеттім. Алисаға адал бола алмадым. Оған қазір өкінемін. Әрине, өткен оқиғаны дұрыстай алмайсың. Ең соңғы үмітім: әйелім мені түсінеді және бәрін кешіреді деп ойлаймын. Бұл – менің өмірімдегі ең жақын адамым. Сондықтан ең бірінші қадамым – бұзылған қарым-қатынасты түзеу, шаңырақтың шырайын қалпына келтіру.
Әрине, оның жағдайын да түсінемін. Сондықтан мұны ешкімнің басына тілемеймін. Менің мамам бұл жағдайды естігенде қатты күйзеліске түсті. Өйткені ол Алисамен өте жылы қарым-қатынаста. Екеуі қызымды алып, Алматыға келді, Орталық алаңда «Қайраттың» ойынын көрді. Біздің клубқа жанкүйерлік етті».
Алматының «Қайратында» ойнайтын жартылай қорғаушы Андрей Аршавиннің айтуына қарағанда, соңғы бір айдан бері ол әйелімен сөйлеспеген. Екеуінің арасында түсініспеушілік болғаннан кейін Алиса Казьмина қызын алып, Санк-Петерборғп кетіп қалған көрінеді. Қазір ол осы шаһарда жұмыс істейді. Жақын уақытта Аршавин Санк-Петербургке жол тартпақ. Басты мақсат – екі арадағы жағдайды қалыпқа келтіру.
Бірақ Алиса Казьминаның әлеуметтік желідегі парақшаларында ажырасу туралы бір ауыз сөз жоқ. Қайта оның Андреймен түскен суреттері көп. Қасында – сегіз айлық қыздары.
– «1 қыркүйекте біздің қосылғанымызға бір жыл толды. Алайда көп нәрсеге шыдадым. Біз туралы не айтылмады?! Мені «жезөкше», «нашақор», «маскүнем» деп жазғандар да кездесті. Бірақ біз өмір сынағына шыдас бердік. Өмірімді жақсы жағына қарай бұрғаны үшін тағдырыма ырзамын». Алиса Казьмина инстаграмдағы таяудағы жазбасында осындай пікір қалдырыпты. Сондықтан екеуінің алдағы өмірі қалай болады, оны уақыт көрсетеді.
Дерекке жүгінер болсақ, біраз уақыт кездесіп жүрген Алиса мен Андрей 2016 жылы заңды некеге тұрған. Алиса бұрын кәсіпкер Алексей Казьминге тұрмысқа шыққаны белгілі. Олардан қалған екі қыз бар. Андрей Аршавинің азаматтық некеде тұрған Юлия Барановскаядан тағы үш баласы бар. Юлиямен тоғыз жыл бірге тұрған Аршавин артынан Алисаға үйленген. Енді міне бұл шаңырақ та шайқалғалы тұр.
…Ақшаның буына мастанған орыстың шикіл сары баласы отбасылық құндылықты бағаламай жүр-ау.
Берік Бейсенұлы
Пікір қалдыру