Техастағы қанды қырғын: шіркеуде 26 адам аяусыз атылды (фото)

/uploads/thumbnail/20171107121828631_small.jpg

АҚШ-тың Техас штатында Сазерленд-Спринг қалашығында баптистік шіркеуге келушілер белгісіз ер адамның құрбаны болды. Шіркеуге әскери  киім киген ер адам адамдарға оқ жаудырған. Дәл сол уақытта шіркеуде 50 адам болған. Атыс барысында 26 адам қаза тауып, тағы он адам жараланған. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер арасында балалар да бар. BBC  хабарлағандай, зардап шеккендер ауруханаға жеткізілген.

The Guardian басылымының жазуынша, шабуыл жасаушы америкалық азамат өзін-өзі өлтірген, алайда басқа деректерге қарағанда оны полиция атып тастаған.

Бір қызығы, мемлекет билігі бұл шабуылды террористік әрекет деп санамайды. FBI ұйымы шабуыл жасаған Дэвин Келлидің террористік ұйымдарға қатысы бар ма, экстремистік топтармен байланысы бар-жоғын анықтап жатыр.

Оқиға куәгерлері мұндай жағдайдан қатты шошып қалған. Атысты естіген куәгердің бірі мұндай кішкене қалышықта осындай жағдайдың орын алуы қорқынышты нәрсе дейді.

ж

э

 

 

 

 

 

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар