Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаевтың қаулысымен 5 қыркүйек Қазақстан халқы тілдерінің күні болып бекітілді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстан мәліметіне сүйеніп.
"ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевтың қаулысымен 5 қыркүйек Ахмет Байтұрсыновтың туған күні Қазақстан халқы тілдерінің күні болып бекітілді. Бәріңізді осымен құттықтаймын. Ахмет Байтұрсынов 1973 жылы 29 қаңтарда дүниеге келді деп есептеліп келді. Тіл басқармасында жүрген кезде Ахмет Байтұрсыновтың өз қолымен жазылған үш құжаты табылып, үшеуінде де "5 қыркүйекте тудым" деп жазылған. Соған байланысты мектеп оқулықтарының бәрі өзгерді. Ахаңның туған жылы 1972 жыл 5 қыркүйек деп өзгертілді", — деді ол.
Тілешов келесі жылдан бастап 5 қыркүйек Қазақстан халқы тілдерінің күні болып бекітілгенін атап өтті.
Пікір қалдыру