Алматы облысы Текелі қаласында 29 қазанда 3 бетперде киген ер адам зейнеткерідң үйіне басып кіріп, оны тонап кеткен. Бұл туралы Zakon.kz хабарлайды.
Үш ер адам 68 жастағы зейнеткерді байлап, оның мүлкін тонап, 3 млн. теңгесін ұрлап кеткен.
Арада бірнеше күн өткен соң полиция қылмыс жасаған күдіктілерді ұстады. Белгілі болғандай, ұсталғандар бұған дейін де ұрлық үшін жауапкершілікке тартылған. Олар осы қаланың тұрғындары болып шыққан.