Алматы облысында үш ер адам зейнеткерді ұрып кеткен

/uploads/thumbnail/20171107132414697_small.jpg

Алматы облысы Текелі қаласында 29 қазанда 3 бетперде киген ер адам зейнеткерідң үйіне басып кіріп, оны тонап кеткен. Бұл туралы  Zakon.kz хабарлайды.

Үш ер адам 68 жастағы зейнеткерді байлап, оның мүлкін тонап, 3 млн. теңгесін ұрлап кеткен.

Арада бірнеше күн өткен соң полиция қылмыс жасаған күдіктілерді ұстады. Белгілі болғандай, ұсталғандар бұған дейін де ұрлық үшін жауапкершілікке тартылған. Олар осы қаланың тұрғындары болып шыққан.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар