Жалаңаш суретін сатамыз дегенге әнші Sia: «Ақшаңызды сақтаңыз, мұнда тегін»

/uploads/thumbnail/20171108132440573_small.jpg

Осы аптада біреу Австралиялық 'Chandelier' әнімен танылған, әнші және ән жазушысы Sia-ның жалаңаш суреттерін сатпақ деген қауесет тараған,-деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Оны естіген әнші кеше кешкісін өзінің Twitter парақшасына жалаңаш суретін салып, былай деп жазып қойды:

«Біреу менің жанкүйерлеріме жалаңаш фотосуреттерімді сатпақшы екен. Жанкүйерлеріме айтарым: ақшаңызды сақтаңыз, мұнда тегін. Күнде Рождество!».

Әншінің бұл ісі «Сен істей алатын барлық нәрсені мен жақсырақ істеймін» деген мақалға сай келді, деп жазды ELLE журналы.  

ELLE

Әлеуметтік желіде әншінің жанкүйерлері жұлдызды өз денесін көрсеткеніне және оның жалаң денесін сатып, пайда табуға тырысатындарға бұлай істеу дұрыс емес екендігін ескерткені үшін құттықтады.

Бұл пост арқылы Австралиялық жұлдыз, сондай-ақ, өзінің алғашқы Рождестволық «Күнделікті Рождество» атты альбомын жариялауға тамаша мүмкіндік алды.

Қатысты Мақалалар