Кетбұқа ескерткішінің ресми ашылу салтанаты өтті

/uploads/thumbnail/20171108142956217_small.jpg

Жезқазған қаласында Кетбұқа ескерткіші ресми ашылды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Ашылу салтанатына Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов, Мемлекет қайраткері, Қазақстанның Халық Қаһарманы Мұхтар Алтынбаев, көрнекті қоғам қайраткерлері, шығармашылық зиялы қауым өкілдері қатысты.

Шыңғыс хан заманының ықпалды тұлғасы, атақты жырау, кемеңгер би, ержүрек қолбасшы Кетбұқа бабаның ел тарихында алар орнын ерекше айтуға болады. 

Әлемдік деңгейде Кетбұқа бүкіл Иран мен Кіші Азияға үстемдік жүргізген, Иерусалимге жорыққа аттанған Хулағу ханзаданың саяси кеңесшісі және әскербасы болған. Араб тарихшыларының еңбектерінен Кетбұға ноянның ерліктері туралы біршама тың деректер табылыпты. Парсы елі мен Шамды жаулап, өзіне қаратқан Шыңғыс ханның немересі Хулағу ханның Шам еліндегі орынбасары Кетбұға ноян болғаны туралы да жазылған. Осылайша әлемге аты жеткен дана жырау Ұлытауда ұйысқан қазақтың бағаналы сияқты бір атасының түп қазығы екені ай-қындалып отыр. 

Ел болып атқарған елеулі істің арқасында қаланың көрікті бақжолының бас жағынан тарихи тұлғаның ат үстіндегі қоладан құйылған еңселі ескерткіші бой түзеді. Гранитпен қапталған тұғырымен қоса есептегенде ескерткіштің биіктігі — 10,5 метр. Ат үстіндегі жыраудың ескерткіші Октябрь Секемановтың жетекшілігімен Астанада жасалды. Мүсінші мамандары — Асқар Нартов пен Серік Рүстембеков. Ескерткіші, тұғыры және барлық жұмыстары 81 млн. теңгеге жасалған бұл игі істің қаржылай салмағын «Қазақмыс» корпорациясы мен ондағы ұлт мүддесіне жанашыр азаматтардың көтерді. Кетбұқаның мәңгілік тыныс тапқан жерінен әкелінген топырақты баба табаны тиген өңір қойнауына беру рәсімі Жошы хан кесенесінде өткізіліп, құран бағышталды.

Қатысты Мақалалар