9 қарашаға арналған ауа райы болжамы

/uploads/thumbnail/20171022103016187_small.jpg

Атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты 9 қарашада Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады, тек батыс, оңтүстік-батыс және оңтүстік-шығыста жауын-шашынсыз. Кей жерлерде жел күшейеді, тұман, көктайғақ, бұрқасын болады, деп хабарлайды  Qamshy.kz ақпарат агенттігі Қазгидромет мәліметіне сүйеніп.

Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында желдің күшеюі 15-20 м/с, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с жетеді, кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болуы ықтимал.

Қостанай облысында желдің күшейіп, жылдамдығы 17-22 м/с жетеді, кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі.

Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп көктайғақ болады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с.  

Павлодар облысында бұрқасын болуы мүмкін.  Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түседі, күндіз желдің күшейіп, жылдамдығы 15-20 м/с-қа жетеді.

Қызылорда облысында тұман, жел 15-20 м/с болады.

Оңтүстік Қазақстан облысында таңертең және күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Қатысты Мақалалар