Сот Владимир Путинге қарсы Алексей Навальныйдың шағымын елемеді

/uploads/thumbnail/20171109092914253_small.jpg

Мәскеудің Тверск соты оппозиционер Алексей Навальныйдың Ресей президенті Владимир Путинге қарсы шағымын қарамады. Бұл жөнінде Коррупциямен күрес қорының заңгері Иван Жданов Фейсбук арқыры хабарлады,-деп Qamshy.kz ақпарат агенттігі Азаттыққа сілтеме бере отырып жазады. 

Сот шешімін Навальныйдың әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібін қарауға құқығы жоқ екенімен және арыз берушінің бостандық мәселелері қозғалмаған деп түсіндірген.

Өткен аптада Мәскеу соты Навальныйдың Путинге қарсы шағымын тіркеген. Шағымда Кремльдің нұсқауымен аймақтағы билік өкілдері оппозиция лидеріне митинг өткізуге рұқсат бермей жатқандығы айтылған. Навальный соттан мемлекет басшысының іс-әрекеттерін заңсыз деп тануды сұраған.

Кремль оппозиционердің айыптауына байланысты Ресей президенті акцияларға рұқсат берумен не тыйым салумен айналыспайды деп жауап берген.

Қатысты Мақалалар