Айтысты ит тартқан терідей жұлмалап, арзан шоу, есер сөз, есалаң күлкіге айналдыру неге қажет, кімге қажет?! Бұрын ақиқат пен ащы шындықты халық ақындардың аузынан естиміз деп үміттенетін, еститін де. Ал, қазір... Лақпалар мен жыртыңбайлардың жылтыр оттаубайына айналып кеткені қызық... Хабардағы "Жұлдыздар айтысын" көргенде сайқы-мазақ болған өнерге жаным қатты ауырды... Өз пікрім... Айтысты бұлай құлдырату ұлттық өнерді қасақана құрдымға жіберу секілді көрінді маған...
(Мұрат Алмасбекұлының фейсбуктегі парақшасынан)