Жұрт шулап кеткен соң, "Жұлдыздар айтысының" үзіндісін көрдім. Мектеп сахнасында қойылатын "халтураның" республикалық эфирге шығып кеткеніне таңмын. Кезінде "к
өрдегі" айтысты төрге сүйреген Жүрсін ағам рухани бағытын жоғалтып алды ау, деймін?! "Шығысы" мен "батысын" айыра алмай жүрсе, ол кісіге "компас" сатып әперейік. Автокөліктен қымбат емес шығар? Бекболат мен Мұхамеджан бауырларым "лақпалармен" бірге лағып кеткен сияқты. Айтыста да, басқада да... Өте өкінішті... Қазақтың жер астындағы байлығын аяусыз талан-таражға салды деп шулайсыздар? Қазақтың рухани байлығын өздеріңіз не істеп жатырсыздар?