Индонезияда ірі жер сілкінісі болды

/uploads/thumbnail/20171015102912809_small.jpg

Индонезияда бейсенбі күні Амбон аралының шығыс бөлігіндегі Банда теңізінде 6 балдық жер сілкінісі болды. Бұл туралы Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығына хабарлаған, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі..

Жер асты дүмпулерінің эпицентрі аралдың оңтүстік бөлігінде орналасқан Амбон қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 402 шақырым жерде болған. Апат ошағы 162 шақырым тереңдікте орналасқан.

Су басу қаупі төніп тұрған жоқ. Апаттан тұрғындар жапа шекпеген. 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар