Алматыда жұмыспен қамтамасыз етуге байланысты жәрмеңке өтті, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Аталған жәрмеңке 2017 жылдың 29 қарашасында «Maxima» ойын-сауық орталығында 10:00 – 18:00 аралығында болды.
Бұл іс-шараны Алматы қаласы бойынша мемлекеттік қызмет пен жемқорлыққа қарсы департамент пен Жетісу аудандық әкімдігі ұйымдастырған болатын.
Жәрмеңкенің негізгі мақсаты электронды мемлекеттік қызметті дәріптеу мен мемлекеттік қызметті ұсынудың реті мен «электронды үкімет» порталы, «Азаматтар арналған үкімет» атты корпорациядан қызмет алудың артықшылығын түсіндіру.
Жәрмеңкеге қатысқан әрбір азамат кәсіби деңгейде кеңес алып, жергілікті атқарушы органдардың көмегіне жүгіну мүмкіндігіне ие болды.
Сонымен бірге жәрмеңкеге қатысқан әрбір азамат өзіне ұсынылған жұмыспен таныса алады. Жалпы айтқанда, Алматы қаласы бойынша, 48 мемлекеттік орган қызмет көрсетсе, жалпы қызмет көрсету саны 353-ке жеткен.
Бүгіндікке мемлекеттік корпорация арқылы және «электронды үкімет» арқылы жасалған қызмет бүкіл мемлекеттік қызметтердің 60 %-ын құрайды.
Аталған жәрмеңкеде 21 мемлекеттік орган, 4 үкіметтік емес ұйымдар, олардың қатарында Ұлттық кәсіпкерлер палата «Атамекен», «Даму», «Жилстройсбербанк», «ГФСС» архитектура мен денсаулық сақтау, білім беру, азаматтыққа тіркелу және жер тіліміне қатысты салаларға байланысты қызмет көрсетті.
Бүгін жәрмеңкеге 1684 адам мемлекеттік қызметке байланысты түрлі сұрақтармен келсе, бос жұмыс орнына қатысты сұрақтармен келген 231 азаматқа қызмет көрсетілді.
Кәсіби деңгейдегі кеңес алу мақсатымен мемлекеттік органдарда ақпараттық видео роликтер мен таратылатын материалдардағы ақпараттар жетілдірілді.
Жәрмеңкеге қатысушыларға электронды сандық қолтаңба алу мүмкіндігі ұсынылып, бір уақытта бірнеше электронды қызмет түрлері таныстырылды.
Ал үйден шықпай өз бетімен жұмыстарын аяқтап, уақытты үнемдегісі келгендер үшін 15 минуттың ішінде электронды сандық кілтті алу мүмкіндігі ұсынылды.
Негізінен көпшілік азаматтық алуға байланысты ақпараттарға қызығып, осыған қатысты сұрақтарды қойды. Сонымен бірге жер теліміне байланысты сұрақтар өте көп болды.
Аталған шараға жергілікті БАҚ өкілдері де қатысты. Атап айтатын болсақ: «Алматы» телеканалы, «Вечерний Алматы», «Комсомольская правда», «Алматы ақшамы», «newtimes», «kazinform», «Сурақ– Жауап», «Қамшы».
Айта кететін болсақ, аталған жәрмеңке Алматы қаласындағы басқа да аудандарда өтетін болады. Жақын арада Алмалы және Әуезов ауданында дәл осындай жәрмеңке өтеді деп жоспарланып отыр.
Пікір қалдыру