1-4 желтоқсан аралығына арналған ауа райы болжамын Qamshy.kz ақпарат агенттігі Қазгидромет мәліметіне сүйеніп хабарлайды.
Күнтүзбелік қыс келді, бірақ қысқы ауа райы кешігіп келуде. Демалыс және мереке күндері Қазақстанның басым облыстарының кей жерлерінде аздаған қар күтіледі, ал ауа температурасы бұрынғысынша климаттық мөлшерден 3-5 градус жоғары.
Тек республиканың оңтүстігінде биік циклонның әсерінен жауын-шашын болжанады, ауа температурасы 1-2 градус төмен болады. Түнгі және таңертенгі сағаттарда республиканың басым бөлігінде тұман сақталады, оңтүстікте көктайғақ болжанады.
Пікір қалдыру