Бакиевті биліктен қуған төңкеріс
2010 жылы сәуірдің басы Қырғызстан Республикасы үшін сол кездегі президент Бакиевтің билігі құлап, жаңа демократиялық қадамдарға жол ашылған уақыт. 7 сәуірде Қырғызстан халқы президент Құрманбек Бакиевті биліктен кетірген төңкеріске бұл күні 7 жылдан асты. 87 адамның қаны төгілген, жүздеген адам жараланған төңкеріс нәтижесінде елдің басты заңына өзгерістер енгізіліп, парламенттік басқару жүйесі енгізілді.
Бішкектегі күйреу
2010 жылдың 8 сәуіріне қараған түн – Қырғызстан халқының бойын үрей жайлаған түнге айналды. Дүкенге барып нан сатып алу былай тұрсын, терезеден қарауға қорыққан қарапайым халықты бұл күн әбден есеңгіреткен. Төңкеріс барысын сәтті пайдаланған ұры-қарылар мен жендеттер банктерді, ірілі-кішілі дүкендерді, тіпті дәріханаларға дейін түгел тонады. Қаладағы сауда-саттық орындары мен кәсіпкерлік орындар бір күннің ішінде үлкен шығынға ұшырады.
8 сәуірде Ақ үй қоршауға алынды. Ол уақытта билік өкілдерінің бәрі дерлік өз орындарынан тйып тұрды.
Қырғыз халқының көңілі толмаған кезекті президент
Бұл күнді қырғыз саясаткері, дипломат Роза Отунбаева есіне алып, былай деді:
-Адамдар қырылып жатты. Ақ үйді әскерлер қоршауға алды, билікті қорғауға тырысты. Ал 2005 жылы Ақаев қашып кетуге мәжбүр болған көтеріліс нәтижесінде билікке келген Бакиев «мен өз билігімді қорғап қаламын» деген еді.
Алайда Бакиевтің билік жүйесі мен жұмыс істеу әдістеріне қырғыз халқының көңілі тола қоймады. «Бакиев кет!» деген плакаттарын ұстаған халық қала орталығына шықты.
Елдегі төңкеріс пен бүлік уақытында Бакиев жұмыс орынан кетіп, елдің оңтүстігіндегі өзінің туған жері Жалалабад облысына бет бұрады. Билікті қолдан бермеуге тырысқан Бакиев облысқа өзін қолдаушылар қатарын іздеп барады. Президент оңтүстік халқын жинап, митинг өткізіп, оңтүстікте билік органы құрылатынын, әрі астананы Бішкектен Ошқа көшіретінін айтып, сендіреді, уәде береді. Бакиевтің айтқанына кәміл сенген Жалалабад халқы оны соңына дейін қолдауға сөз береді.
Азаматтық соғыс қаупі
Бакиевтің оңтүстікте болуы ел ішінде азаматтық соғыс қаупінің тұтынуына себеп болуы мүмкін еді. Себебі Бішкек тұрғындары арасында Бакиев қарулы жасақ дайындап жатыр деген қауесет тараған. Дегенмен оңтүстіктегі халық арасынан Бакиевті қолдаушылар қатары көбейген.
Құрманбек Бакиев оңтүстікте жүрген уақытта премьер-министр отставкаға кетіп, билікке уақытша Роза Отунбаева келді. Отунбаева мен оның жақтастары елде парламенттік басқару жүйесін, әрі заңға өзгерістер енгізді.
«25 жыл бойғы президенттік басқару жүйесінде оңтайлы нәтиже болған емес. Әр уақытта өкіметті заңсыз тартып алушылық әрекеттер болып тұрды. Біздің Конституцияға 8 мәрте өзгеріс енгізілді, қадірі кетті, елде тәртіп болған жоқ», - деді Отунбаева өткен күндерге көз жүгірте отырып.
Көрші елдегі тұрақсыздыққа Қазақстанның ықпалы
Қырғызстан – Қазақстанға көрші әрі бауырлас мемлекет. Әрі көрші елде орнаған тұрақсыздық пен тәртіпсіздікке Қазақстан билігі жайбарақат қарап отырмады.
Қырғызстандағы тұрақсыздың бірнеше күнге жалғасқан еді. Қазақстан Қорғаныс министрлігі шекара қауіпсіздігіне аса мән беріп, бақылауды күшейтті. Бұл жағдай екі елдің экономикасына да кері әсерін тигізді. Нақты, әрі екі ел үшін де тиімді шешім қабылдау керек болды.
2010 жылдың сәуірінде Вашингтонда ядролық қаруды таратпау жөнінде саммит өтті. 7 мемлекеттен жиналған басшылар бүкіләлемдік адамзат жағдайын талқылайды. Саммит барысында АҚШ-тың сол кездегі президенті Барак Обама мен Ресейдің сол уақыттағы басшысы Дмитрий Медведев Назарбаевтан Бакиевті елден шығаруды сұрайды, олар бұл істің тек Назарбаевтың ғана қолынан келетініне сенімді еді.
«Маған бұл уақытта Вашингтоннан Нұрсұлтан Әбішұлы хабарласып, біз Қырғызстандағы жағдайды талқылап, Медведев пен Обама және мен мынадай шешімге келдік, сіз Бакиевті босатыңыз. Сонда мемлекетке төніп тұрған қауіп сейіледі. Мен бұл туралы уақытша билік мүшелеріне хабарладым, ал олар әр түрлі пікірде болды. Қарсы шыққандар көп болды. Бірақ шешім қабылдау керек болғандықтан, мен уақытша биліктің басшысы ретінде Бакиевті елден шығару туралы шешім қабылдадым», - деді осыған байланысты Отунбаева.
Сөйтіп ЕҚЫҰ төрағасы Қазақстан Жалалабадқа барып тығылған Бакиевті 15 сәуірде елінен жасырын алып шықты. Қазақстан президенті Назарбаев «Қырғызстанды азаматтық соғыстан құтқарып қалдық» деп мәлімдеді. 5 жыл бұрын биліктен құлатылған президент Асқар Ақаевтың жолын құшқан Бакиев көп ұзамай Қазақстаннан кетіп, Минскіні паналады.
Қазақстан Респбуликасының президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың осыдан 7 жыл бұрынғы көрегендігі мен қырғыз халқын, халқының мінезін жақсы меңгергендігінің арқасында бүгінде Қырғызстанда ел арасындағы алауыздық сейіліп, азаматтық соғыс қаупі жойылып, халық өзі таңдаған жаңа басшы Сооронбай Жээнбеков бастаған ел бейбіт заманда өмір сүруде.
Пікір қалдыру