Құлдықтағы өмір: Бізді адамдық абыройдан айырды (видео)

/uploads/thumbnail/20171130161618849_small.jpg

Ливияда адамдарды құлдыққа сатып жатқан видеоны CNN телеарнасы жариялады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

 «800, 900, 1000, 1100.  1200-ге сатылды (ливиялық динар, орта есеппен 800 АҚШ доллары)», — дейді аукционды жүргізіп отырған адам.

Кадрден сатылымға түскен қара нәсілді жігітті фермада жұмыс істеуге жарайтындай денсаулығы мен күші бар адам ретінде таныстырғанын байқауға болады.

Ливияда адам саудалайтын қара базардың барын көші-қон жөніндегі Халықаралық ұйым сәуірде хабарлады. Ұйымның мәліметінше, Ливияда жүздеген адам құлдыққа сатылған.

Орталық Африкадан Еуропаға қашпақ болғандарды тірі тауар ретінде Ливияның бірнеше қаласында сатып отырған.

Мигрант тасымалдаушыға Еуропаны аралатуға ақша береді. Олар Ливияға жеткенде берген қаржысы жеткіліксіз екенін айтады. Егер ол келісім бойынша жүруін талап етсе оны ұрып-соғып, зорлайды. Одан кейін саудаға салады.

Бізді қорапқа салғандай тығындап тастайды. Ұйықтай алмаймыз. Көбі түрлі аурумен ауырады. Бізге тамақ жетіспейді. Біздің душ қабылдамағанымызға  бірнеше ай болды. Егер біз бұл жерден қашып шықпасақ, барлығымыз өлеміз. Адам қалдығымен бірге тұншығып еденде жатамыз» деп құлдықта болғандардың бірі жағдайды баяндап берді.

Күзетшілер үнемі босқындарды соққыға жығады. Олар электрошокерді де пайдаланатын болған. Тамақ, су сұраған адамдарды сонымен жазалайды.

Әйел босқындардың  бірі оны белгісіз бір үйге алып кеткенін және ол жерде үш ер адамның болғанын айтады. Олардың арасында көші-қон мәселесімен айналысатын қызметкер де бар. «Олар мені зорлады» дейді құлдықта болған әйел.

Ливиялық шенеуніктер ұтымды бизнес жүргізіп отыр. Пара бергендерді құлдықтан босатады. Мигранттар тиелген кеме нейтралды зонаға шыққанда Ливияның жағажай күзетшілері қайықты басып алып, мигранттарды қайта лагерге әкеледі.

БҰҰ бақылаушылары айдың басында Триполидегі  мигранттарды орналастыру  орталықтарының бірнешеуіне бас сұққан еді. Олар сонда көрген сұмдықтарды сөзбен жеткізу мүмкін емес екенін айтады.

«Мыңдаған жүдеу тартқан жаралы ер адамдар, әйелдер мен балалар. Оларды ангарға қамап қойған. Қарапайым адамға қажеттінің өзі жоқ. Оларды адамдық абыройдан айыру үшін барлығын жасаған» делінген БҰҰ баяндамасында. 

«Бұл жағдай нағыз апатқа айналды. Халықаралық қауымдастықтар бұған көз жұма қарай алмайды» деді адам құқығы жөніндегі комиссар Зейд Раад аль-Хусейн Брюсселдегі пресс-конверенцияда.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар