Қызылорда әкімдігі ұшақта адам өмірін құтқарған студенттің оқуын төлеп бермек

/uploads/thumbnail/20250117121318184_big.webp

Қызылорда әкімдігі ұшақта жолаушыны құтқарып қалған студентті марапаттады.

Облыс әкімі болашақ дәрігер Дінмұхаммед Бектұрғанның ата-анасын жеке қабылдап, "Алғыс хат" табыстап, зор ризашылығын білдірді.

“Нұрболат және Ғалия Нұрсейітова баласына жақсы тәрбие беріп, ұлының медициналық университетте ақылы түрде білім алуына еңбек етіп жүрген жандар. Қазіргі таңда Дінмұхаммед 7-курс студенті. Ол тағы 3 жыл резидентура оқуға ниетті”, – делінген хабарламада.

Сонымен қатар ұшақта жолаушының өмірін сақтап қалғаны үшін Дінмұхаммедтің оқу ақысын Қызылорда әкімдігі төлеп бермек.

Еске салсақ, Қызылорда–Астана бағытындағы рейсте жолаушы есінен танып, жүрегі мен тынысы тоқтаған. Астана медициналық университетінің интерні Дінмұхаммед Бектұрған шұғыл көмек көрсетіп, жүрек-өкпе реанимациясын жасап, жолаушының өмірін сақтап қалған болатын.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар