Бір көргеннен ғашық болуға сенесіз бе?

/uploads/thumbnail/20171130165348718_small.jpg

Нидерландтағы Гронингентік университет психологтары «бір көргеннен ғашық болу» феноменіне қатысты зерттеу жүргізген. Зерттеушілер  мұндай сезімнің бар екенін жоққа шығарып отыр деп жазады Independent.

Зерттеудің бірінші бөлімінде барлығы интернет арқылы 396 адамнан тұратын қатысушылардан  сауалнама жүргізілген. Қатысушылардың шамамен 60 пайызы әйел адамдар болған. Олардан қазіргі уақыттағы қарым-қатынастары туралы сұрап,  белгісіз адамдардың фотосуреттерін көрсеткен.

Қатысушылар суреттегі адамдардың өздеріне қаншалықты ұнамды, сымбатты екендерін, олардың фотоларына қарағанда қандай эмоциялық күй кешетінін айтып, сол сезімдерін суреттеп беруі керек болған. Сонымен бірге, қатысушылардан осы адамдарды көргенде қандай да бір ғашықтықты сезетінін немесе  бір көргеннен ғашық болу сияқты сезімді бастан кешіру мүмкіндіктерін зерттеген.

Тәжірибенің екінші бөлімінде қатысушыларға жылдам кездесулерге қатысып көру ұсынылған. Бір-бірін танымайтын екі адамға танысып, білісуге  20 минут немесе жарты сағат уақыт берілген.

Осы зерттеу нәтижесі бойынша, 49 жағдайда адамдар бір көргеннен ғашық болу сезімін бастан кешкендерін жеткізген.

Ғалымдардың байқауынша, кездесу мен танысулар барысында белгісіз адам қаншалықты сымбатты көрікті болғанына байланысты қатысушылар серіктеріне деген ғашықтық сезімінің пайда болғанын айтқан. Алайда, мұндай ғашықтық сезім көп жағдайда жауапсыз болған. Демек, адамның бір көргеннен ғашық болуы жәй ғана құмарлық пен ынтықтық сезімдеріне байланысты дейді ғалымдар.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар