22 жастағы бойжеткен 6 тәулік бойы билеп, әлемдік рекорд орнатты (видео)

/uploads/thumbnail/20171201140733363_small.jpg

Нигериялық биші 137 сағат бойы тоқтамастан билеп, Гиннестің рекордтар кітабына енді, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі шетелдік БАҚ мәліметіне сүйеніп.

22 жастағы  Одумеву Дебби деген лақап атпен танымал кәсіби биші 137 сағат бойы тоқтамастан билеп, би ұзақтығы бойынша жаңа әлемдік рекорд орнатты. 

"Маған қолдау көрсеткендеріңіз үшін алғысымды айтамын! Бұл мен үшін өте маңызды! Сіздерді жақсы көремін!" — деп жазды бойжеткен инстаграмдағы парақшасында. 

6 жасынан бастап бимен айналысқан бойжеткен бастапқыда 150 сағат бойы билеуді жоспарлаған, алайда әлемдік рекорд орнатуға 137 сағат та жетті.

Мұның алдындағы рекорд 123 сағат 15 минутты құраған еді. Оны 2010 жылы 20-26 қыркүйек аралығында тоқтаусыз билеп үнді қызы орнатқан болатын.

Қатысты Мақалалар