Ардагерлердің атын жамылған мереке

/uploads/thumbnail/20170708162007855_small.jpg

"Ұлы Отан" соғысында қазақтарға жасалған қиянат әлі жалғасып келеді. Соған қарап, Брежнев ойлап тапқан осы мазақ мерекені неге тойлай беретінімізді түсінбеймін. Ардагерлердің атын жамылған алашапқыннан олар түк пайда көріп отырған жоқ. Әділетін айтсақ, бұл соғысты Қазақстанның арқасында ғана жеңіп шықты. Оны әдейі айтпайды. Оқулықтарда әскерге жанар-жағармайды Бакуден жеткізген деп соғады. Молотовтың қолы қойылған бұйрықтарда Сәвет танктерінің тоқсан пайызы Ембінің мұнайымен жүргені ап-анық жазылған. Он оқтың тоғызы да Қазақстанда жасалды. Ал немістер ең алдымен Украина мен Белоруссияға шабуылдады. Негізінде олар Қазақстанды бетке алған болатын. Луи Повель мен Жак Бержьенің "Сәуегейлер таңын" оқыңыздар. Сонда көп құпия айтылған. Бұл соғыста Ресей емес, Қазақстан жеңіп шықты. Мәскеуді де біз қорғадық. Қазір енді Кремльдегілер бұл мерекені саяси мақсатқа пайдалана бастады. Неге екенін білесіздер ме? Өйткені абыройдан жұрдай болған орыстарда көршілерімен тіл табысатын басқа ілік қалған жоқ...

Jolimbet Makishev, Facebook парақшасынан

Қатысты Мақалалар