Алматыда жастарға арналған «Алматы Жастары» атты жаңа тұрғын үй бағдарламасы барысында 35 жасқа дейінгі алматылықтар жеке пәтерге ие болу үшін жеңілдетілген заемге қол жеткізе алады. Әкімдікте «Тұрғынүйжинаққұрылысбанкі» АҚ мен қаланың Тұрғынүй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы ынтымақтастық туралы тиісті келісімге қол қойды.
«Алматы Жастары» бағдарламасының басты ерекшелігі пайыздық төлемнің төмендігінде - көлемі 10 млн. теңгеге дейінгі заемға жылына 5% жеңілдік беріледі. Бағдарлама бойынша несиені қайтару мерзімі төлем қабілетіне қарай жеке жасалады,3 жылдан 25 жылға дейін.
Шара барысында Алматы әкімі Бауыржан Байбек Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша билғы жыл Алматыда «Жастар жылы» деп жарияланғанын, соның аясында жастардың мегаполистегі өмірге бейімделуіне, жан-жақты дамуына, тұлға болып қалыптасуына оң ықпал ететін тиісті Жол картасының жүзеге асып жатқандығын атап өтті.
«Бүгінгі күні қалада 35 жасқа дейінгі жастар саны 800 мың адам. Жастар үшін барынша маңызды және актуальді мәселе - жеке тұрғын үйге қол жеткізу.«Алматы Жастары» атты жеңілдетілген тұрғын үй бағдарламасын енгізу үшін қазірдің өзінде жергілікті бюджеттен 1 млрд. теңге бөлінді. Оның үстіне, «Алматы Жастары» бағдарламасы жастарды ынталандырумен қатар қалалықтар ақшасының қалада қалуына да ықпал етеді.Жеңілдетілген заемді тек Алматы қаласында ғана алғашқы үйді сатып алуға жұмсауға болады.Яғни, осы қаржы есебінен құрылысшылар мен жұмысшыларға жалақы төленеді, кәсіпорындарға тапсырыс беріледі, құрылыс компаниялары қала бюджетіне салық төлейді», -деп атап өтті Б.Байбек.
Айта кетерлігі, бағдарлама аясында жұмыс істейтін жастар ынталандырылады.Қала ұйымдарында жұмыс істейтін жастардың әр жылының өтіліне 1 балл есептеледі, ал егер жас адам әлеуметтік салалада, мысалы мектепте немесе бала бақшада еңбек есте оның еңбек өтілінің баллы екі еселенеді. Әлеуметтік мүмкіндігі төмен жандар үшін де жеңілдетілген жағдай жасалған, олардың қатарына көп балалы отбасылар, 1 және 2 топ мүгедектері, толық емес отбасылар, жетімдер және басқалары кіреді
Қала билігі «Алматы» ӘКК ҰК» АҚ арқылы студенттер үшін жатақхана құрылысын салуды қолға алмақшы. Қазіргі кезде осы жобаға қатысуға «Алматы Менеджмент Университеті» мен С. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті ниет білдіруде. Алматы жастарына қолдау көрсетудің Жол картасы аясында 2020 жылға дейін 12 жатақхана салу жоспарланған. Биылғы жылдың аяғына дейін төрт жатақхана құрылысы аяқталады.
«Біз тұрғынүй-құрылыс жинағы жүйесінде алғаш рет әкімдікпен салымшыларды қолдауға бағытталған келісімге қол қойып отырмыз. Егер бұған дейін барлығы тұрғын үй құрылысын қолдауға тырысса, енді бағытымыз бірінші рнет өзгерді. Бүгін біз Алматы әкімдігімен бірге арнайы жастардың тұрғын үй-құрылыс жинағына деген сенімін арттыру көздеп отырмыз. Алматы бойынша біздің қоржынымыз қомақты. Бүгінгі күні біздің филиалда 147 мың адамның депозиті бар, оның 50 мыңы, біз есептеп көрдік, 20-30 жас аралығындағы жас адамдар. Әрі олардың 13 мыңы биылғы жылы келгендер», - деп атап өтті «Тұрғынүйқұрылысжинақбанкінің» басқарма төрайымы Ляззат Ибрагимова.
Бағдарламаға қатысу үшін 10 күн ішінде өтініш беру қажет. Оны арнайы almaty-zhastary.kz. сайты арқылы жасауға болады.Авторизация үшін жақын маңдағы ХҚКО-нан электронды цифрлы қолтаңба алу керек. Өтініш қабылдау мерзімі аяқталған соң қатысушыларды іріктеу басталады.Жеңілдетілген несие алудың кандидаттар пулына жас алматылықтарға қолдау білдіретін «Алматы Жастары» бағдарламасының барлық крийтерилері бойынша арнайы баллдық жүйе арқылы іріктелгендер енеді. Баллға некеде тұрған жылы, балалар саны, жұмыс өтілі мен еңбек ететін жері, жеке кәсіпкерлігі, Алматыда тіркелген мерзімі және басқалары ықпал етеді. Пул толық жасалғаннан кейін ғана «Тұрғынқұрылысжинақбанкі» өз жұмысына кіріседі. Ол кандидаттың төлем қабілетін тексерді, сонан соң 5 % пайыздық жеңілдетілген заемді береді. Жастарға берілетін несиенің жалпы көлемі - 10 млн. теңге. Заем тек жаңа үй сатып алуға беріледі, пәтерді бағдарламаға қатысушы өзі таңдайды.
«Алматы Жастары» бағдарламасы туралы толық мәліметті Алматы қаласының Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының www.uzh-almaty.kz сайтынан және «Қазақстанның Тұрғынүйжинақұрылысбанкі»АҚ-ның www.hcsbk.kz сайтынан және 300 и 8-8000-801-880 , +7 (727) 380 05 23, +7 (727) 380 05 02 телфондары арқылы білуге болады, телефон шалу тегін.
«Алматы Жастары» бағдарламасына қатыушыларға қойылатын талаптар:
1. Өтініш беру кезіде қатысушы мен оның жұбайының жасы 35 жастан аспауы тиіс. Бағдарламаға жұбайлардың тек біреуі ғана қатыса алады;
2. Ерлі-зайыптылар мен олардың отбасы мүшелерінің (егер олар отбасы болса) Алматы қаласында 1 жылдық тұрақты тіркеуі болуы шарт. Бағдарламаға қатысушының және онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің Қазақстан Республикасы аумағында жеке тұрғын немесе арендалы үйлері болмауы тиіс.
3. Бағдарламаға қатысушы Қазақстан Республикасы аумағында соңғы 5 жыл ішінде тұрғын үй жағдайын әдейі төмендеткен фактісі жоқ болғаны жөн;
4. Қатысушының Алматы қаласындағы жұмыс өтілі жарты жылдан аз болмауы қажет. Бұл талаптар әлеуметтік жағдайы төмен жандарға жүрмейді, олар:
- 1 және 2 топ мүгедеектері;
- Мүгедек балалары бар және оларды тәрбиелеуші отбасылар;
- Ата- ана қарауынсыз қалған жетімдер;
- 4 және одан да көп кәмелекетке жетпеген балалары бар отбасылар;
- 1 және одан көп балалары бар толық емес отбасылар;
5. Кем дегенде жарты жылдық ЖК мемлекеттік тіркеуі бар өз бетінше жұмыс істейтін қалалықтар.
Пікір қалдыру