Бостандық ауданында ауыр қылмыс түрлері 20%-ға азайды

/uploads/thumbnail/20171214111009776_small.jpg

 

Мұндай тың ақпаратты Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Алматы қаласы Бостандық ауданының әкімі Бекқали Нұрғалиұлы мәлімдеді.

2017 жылдың 10 айдың қорытындысы бойынша аудан аумағында қылмыстар саны азайғаны белгіленген – 8204 қылмыс, 5,0% азайғандығын айтты.

Қылмыстардың статистикалық ашылуының жалпы пайызы 25,7% құрады, 2016 жылдың (24,0%) көрсеткішінен 1,7%-ға жоғары.

Қылмыстардың төмендеуі келесі түрлерінен байқалды:

- ауыр қылмыстар түрлері - 20,0 % (2016ж. - 576, 2017ж. - 461);

- онша ауыр емес және орташа ауыр - 4,4 % (2016ж. - 7756, 2017ж. - 7417);

- онша ауыр емес - 14,9 % (2016ж. - 1160, 2017ж. - 971);

- кісі өлтіру – 2,8 есеге – (2016ж. – 11, 2017ж. – 4);

- тонау - 12,0% (2016ж. - 258, 2017ж. - 227);

- өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру – 3,3 есеге (2016ж. – 3, 2017ж. - 2).

Қылмыстардың келесі түрлерінен көтерілуі байқалды:

- есірткілер - 2,1есеге (2016ж. - 38, 2017ж. - 84);

- біреудің мүлкін ұрлау – 0,5% (2016ж. – 5436, 2017ж. - 5462);

- зорлау–27,3 %(2016ж. - 11, 2017ж. - 14);

- денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру – 26,6 % (2016ж. – 6, 2017ж. - 10);

- ұйымдастырылған қылмыстық топты ұйымдастыру және басшылық ету – 2,5 есеге (2016ж. - 2, 2017ж. - 5) көбейгендігін хабарлады Бостандық ауданың басшысы Бекқали Нұрғалиұлы.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар