Бостандық ауданында оқушылар саны 2641 балаға артқан

/uploads/thumbnail/20171214111154095_small.jpg

Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Торғаев Бекқали Бостандық ауданында жалпы саны 48 жалпы білім беру мекемелері орналасқанын туралы айтты. Оның ішінде: 15 жекеменшік, 33 мемлекеттік екенін хабарлады.

Бекқали Торғаевтың айтуынша, мектептердің жобалық қуаттылығы - 32583 оқушы. 2017-2018 оқу жылдарына мектептерде білім алатын оқушылардың саны 36352 баланы құрап отыр (мемлекеттік мектепте – 30579, жекеменшік – 5773). Былтырғы жылмен салыстырғанда оқушылар саны 2641 балаға артып, 108% өскен (33711 бала).

Жыл сайынғы пәндік олимпиадалардың аудандық кезеңіне 767 оқушы қатысып, 379 оқушы жеңімпаз атанды. Қалалық кезеңде 188 оқушы қатысып, олардың ішінде 94 оқушы жүлделі орындарға ие болды. Сонымен қатар, республикалық деңгейдегі олимпиадаларға Бостандық ауданынан 51 оқушы қатысқан болса, олардың 49-ы, яғни 96% жеңімпаз атанды.

2017-2018 оқу жылдарында 3517 бала алғаш рет мектеп табалдырығын аттады. Былтырғы оқу жылдарымен салыстырғанда (4012 бала) 495 балаға азайғандығы байқалады. Республикалық «Мектепке жол» атты акция аясында аудан кәсіпкерлерінің қолдауымен және «Жалпыға міндетті оқумен қамту» қоры арқылы жалпы саны 745 бала қамтылып, 20-ға жуық млн. теңгеге көмек көрсетілді,- деп сөзін түйіндеді Бостандық ауданының басшысы Торғаев Бекқали.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар