Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Алатау ауданының әкімі Шахмерден Рыспаев сөз етті деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Аудан басшысының сөзіне сүйенсек, «Нұркент» ықшамауданында 600 орынға арналған жаңа мектеп салынуда, сондай-ақ, ауданның 6 мектебіне қосымша ғимарат салу жұмыстары жүргізілуде. Олар: «Шаңырақ-2» ықшамауданындағы №26 мектепке 1100 орынға қайта құрылымдау жұмыстары жүргізілуде, құрылыс жұмыстары аяқталғаннан соң аталған мектептің сыйымдылығы 2100 орындық болады, «Заря Востока» ықшамауданындағы №151 мектепке 650 орындық қосымша ғимарат салынуда, «Өжет» ықшамауданындағы №156 мектепке 600 орындық, «Теректі» ықшамауданындағы №184 мектепке 600 орындық, «Алғабас» ықшамауданындағы №185 мектепке 550 орындық қосымша ғимараттар салынуда, жалпы бөлінген қаражат сомасы 5 млрд., 265 млн. теңге.
Сонымен қатар, аудан басшысы 4 жаңа балабақшаның құрылысы жүріп жатқанын хабарлады. Олар: «Алғабас» ықшамауданында 120 орындық, «Теректі» ықшамауданында 120 орындық, «Нұркент» ықшамауданында 320 орындық, «Саялы» ықшамауданында 320 орындық балабақшалар, жалпы бөлінген қаражат сомасы 2 млрд., 781 млн. теңге. Халықты баспанамен қамтамасыз ету мақсатында, «Саялы» ықшамауданында 19 көп қабатты, «Нұркент» ықшамауданында 22 көп қабатты тұрғын үйлер салынуда, Момышұлы көшесінің бойында жеке инвестиция есебінен 87 тұрғын үйдің 10-ы салынды, 24 үйдің құрылысы жүргізілуде, - деп сөзін қорытындылады аудан әкімі.