Игорь Рогов жаңа қызметке тағайындалды

/uploads/thumbnail/20171214150042827_small.jpg

Игор Рогов ҚР Тұңғыш Президенті қоры атқарушы директорының орынбасары болып тағайындалды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

«2017 жылдың 14 желтоқсанында  Игорь Иванович Рогов Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасының Қорына атқарушы директордың орынбасары болып тағайындалды», деп жазылған хабарламада.

ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасының қоры — 2000 жылы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған Қазақстандағы коммерциялық емес ірі ұйым.

Бұл қордың жұмысы жас таланттарды қолдауға, әлеуметтік жобалар мен азаматтық бастамаларды, сондай-ақ сараптамалық орталықтардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған.

Рогов Игорь Иванович 1950 жылы 17-мамырда Бакуде дүниеге келген. Бұған дейінгі соңғы қызметі ҚР Конституциялық кеңесінің төрағасы болған.

Қатысты Мақалалар