15 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

/uploads/thumbnail/20171005200223511_small.jpg

Республика аймақтарында бұрыңғыдай жауын-шашынсыз ауа-райы сақталады. Кей жерлерде желдің күшеюі, тұман  күтіледі деп хабарлайды Қазгидромет.

   Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман болып, таңертең және күндіз желдің 15-20 м/с күшеюі  күтіледі. Алматы облысының кей жерінде тұман, Алакөлде жел 17-22 м/с күшейеді.  Атырау облысында жел 15-20 м/с күшейеді. Ақмола, Маңғыстау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында, түнде және таңертең Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Қатысты Мақалалар