Көз алдымда бүгiн де,
Шошынып ұшқан құс кейпiң.
Жаздың жым-жырт түнiнде.
Көрген бiр тәттi түстейсiң.
Тұрасың мәңгi көгiмде,
Ал жерге қайтып түспейсiң.
Жел есiп жасыл көйлектен,
Жайлап басып келесiң,
Ай болып қарайд әйнектен,
Түндерде сенiң елесiң.
О, менiң адал көңiлiм,
Соғанда мәз боп сенесiң.
Жым-жырт түнде бөлмемде,
Мұңайып жалғыз жатамын.
Бейнеңдi сұлу көргенде,
Қуана бiр тiл қатамын.
Тоқтармын махаббатпенен,
Аяқтап өмiр сапарын.
Қоштасып бiрақ кетесiң,
Алыстап менен тағы да.
Асыға басып жетесiң,
Тәлейлi жанның жанына
Сорыма менiң туылып,
Жаралдың соның бағына
Керуен жылдар көшеді
Құлазып сезім төсегі.
Мен кеткен соң өмiрден,
Қабiрiмнiң үстiне,
Ешкiм екпей өзiнен,
Бiр тал ақ гүл өседi.
Ақ гүл — аппақ махаббат,
Күткен көктем жаңбырын.
Тұрған шөлде қаталап,
Сол ғой менiң тағдырым,
Өмiр, өмiр, О, өмiр,
Осы менiң бар мұңым.
Мұқаш Қожахметұлы
1996 жыл
Пікір қалдыру