Бақытты иттер

/uploads/thumbnail/20171225140952040_small.jpg
Париж итi, сенсiң менiң мақтаным,

Сен бақытты, мен сорлаған шақтамын.

Келiншектер саған силайд қымсынбай,

Бiзге бұлдап көрсетбейтiн ақ тәнiн.

 

О, Сұлулар, қолаң шашы төгiлген,

Көгiлдiр от–көрпелерге көмiлген.

Итпен бiрге жатасыңдар ыңырсып,

Ықыластарың мүлде соған берiлген.

 

Көзiн сүзсе сылқым сұлу бұраң бел,

Солдат саған қарайды нар күмәнмен.

Тыр жалаңаш жата қалып астыңа,

Не десең де соған дайын тұрам дер.

 

Емес менiң ертегiм бұл ең шағын,

Махаббатың бастан кешiр дер шағын.

Солдат емес, сан мың қолдан тұратын,

Жез өкшелер жаулап келед жер шарын.

 

Ақ бiлектер асылатын мойныңда,

Қызығы да бiткен тарап тойдың да.

Ең бақытты иттер жатыр бұл күнде,

Ең бiр сұлу әйелдердiң қойнында.

 Мұқаш Қожахмет

1993 жыл.

Алматы.

Қатысты Мақалалар