Мәскеудің оңтүстік-шығысында орналасқан ғимаратта белгісіз біреу оқ атты. Алдын ала мәлімет бойынша, салдарынан бір адам қайтыс болды. Бұл туралыQamshy.kz ақпарат агенттігі Хабар 24 -ке сілтеп хабарлады.
Белгілі болғандай, фабрика ғимаратында бірнеше адам кепілге алынған. Сондай-ақ болжам бойынша шаруашылық жүргізуші субъектілер арасында кикілжің туындаған. Қазір атыс болған фабрика ғимаратына арнайы жасақ пен ЕММЖ бөлімшелерінің қызметкерлері жіберілді. Полицейлер оқ атқан азаматпен мәмілеге келу мақсатында келіссөздер жүргізіп жатыр.