Рига полициясы Асылбек Мусиннің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғаған. Бұл туралы tengrinews.kz тілшісіне ҚР СІМ хабарлады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
«Қазақстан азаматының өліміне қатысты Рига полициясы қылмыстық іс қозғап, тергеу басталды. Кеше Ригаға келген Асылбектің ағасы сот-медициналық сараптама орталығына барып, қаза тапқан азаматтың денесін таныды», - деді ҚР СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов.
«Полицияның дерегінше, Асылбек 15 қабаттан құлаған. Әрі Қазақстан елшілігінің консулдық тізіміне кірмеген», - деді Жайнақов.
Оқиға 22 желтоқсаннан 23-іне қараған түні орын алған. Іс 22 желтоқсан сағат 23:42-де тіркелді.
Айта кетейік, ҚР президент әкімшілігінің бұрынғы жетекшісі Аслан Мсуиннің ұлы Асылбек Мусин Ригада қайтыс болды.