2017 жылы YouTube желісіне жарияланған ең үздік видеолардың ондығы

/uploads/thumbnail/20171228181346333_small.jpg

YouTube үздік видеоларды қаншалықты ұзақ қаралғандығына, қаншама рет таратылғандығына, пікір жазылғандығына және өзгелердің ұнатуына байланысты анықтайды. Төменде Qamshy.kz ақпарат агенттігінің тілшісі назарларыңызға YouTube желісіндегі ең үздік видеолардың тізімін ұсынады. 


1. 2017 жылғы YouTube-тің көпшілікке жол тартқан ең танымал бейнетаспа ол ұлудың жеуге жарамды түрінің келбетіне ұқсас киім үлгісін киген әншінің биі. Бетін бүркеген әнші тайландтық «The Mask Singer» байқауының жеңімпазы атанды. Ол «Until We Will Become Dust» әнін орындады, әннің соңы рэпке айналып кетеді.Қазірде видео YouTube желісінде 182 миллионнан артық қаралған.

2. Әнші Эд Ширанның «Shape of You» бейнебаяны тыңдармандарын жаз бойына билеп жүруіне себеп болды.

 

3. Жеті минут және 16 секундқа созылған керемет үстел теннисінің трюктері.  Сіз пинг-понг ойынын бұл жігіттерге қарсы ойнағыңыз келмеуі мүмкін.

4. Бұл 12 жастағы әнші «Американың таланттары» атты сайысқа қатысқан ғажайып өнер иесі. Оның орындауындағы әннің әсерлі болғандығы соншалық, ол бірден тікелей ток-шоуларға қонақ ретінде шақырыла бастады.  

5. Эд Ширан бұл тізімнен екі рет орын алды. Бұл жолы оның дебюті Джеймс Горденнің «Carpool Karaoke» ток-шоуындағы оқиғасы болды. Ширан бір мезгілде 55 Мальтесер кәмпитін аузына салып, Джеймсті және көрермендерді таң-тамаша етті.

6. Биыл  Lady Gaga-ның Super Bowl LI-дегі көрсеткен өнері ең көп талқыланған әңгіме болды.

7. Дональд Трамптың жұртқа күлкі болған ерекше инаугурациясы.

8. Бүкіл әлемнің тарихы. Бұл негізінен ғылым және әлеуметтік зерттеулердің жиырма минутқа сыйдырылып, интернет дәуіріне лайықталған видеосы.

 

9. Бұл анимацияланған қысқа фильм сіздің жүрегіңізді «езіп» жібереді.

10. Ақыр соңында, BBC-нің сұхбатын кім ұмыта алады? Профессор Роберт Келлидің BBC-дің тікелей эфиріне берген сұхбаты кезінде оның екі баласы кабинетіне кіріп кеткендегі сәті күллі әлемнің назарын аударғаны сөзсіз.

Қатысты Мақалалар