Табыт таңдау

/uploads/thumbnail/20171225140952040_small.jpg

Сезген соң таза көңілден,
Дүниенің мынау жалғанын.
Өзіме лайық өмірден,
Ертемен табыт таңдадым.

Кеудемнен "құсым" ұшқан күн,
Жасаңдар оны алтындап.
Өртеніп іші дұшпанның ,
Бойлары тұрсын қалтылдап.

Күнəм болмаса мойнымда,
Ұлы ұйқыға батайын.
Қасиетті жердің қойнында,
Шірімей тəнім жатайын.

Басқадан бөлек айтам əн,
Тау болып, байтақ далам боп,
Ғасырлар өтіп қайтадан,
Тұрайын алтын адам боп.

 

Мұқаш Қожахметұлы

Қатысты Мақалалар