«Мен халықтан кешірім сұраймын»

/uploads/thumbnail/20171228200519989_small.png

Перу елінің бұрынғы президенті Алберто Фухимори 79 жасында өз халқынан кешірім сұрады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

«Иә, мен өз жоғары деңгейде деп бағаланған жұмысымның  шынайы нәтижесін жақсы білемін. Сонымен бірге мен шетелдегі отандастарымның үмітін ақтай алмадым», дейді Перудің экс-президенті.

Фухимори 1990-2000 жылдар аралығында Перуді басқарған.  Ол елдегі оппозицияға қарсы жантүршігерлік жазалау шараларын қолданған. 2007 жылы экс-президент жемқорлыққа қатысы бар деген айыппенн 6  жылға бас бостандығынан айырылып, түрмеге тоғытылған. Кейін оның жаза мерзімі адам құқығын таптағаны үшін 6 жылдан 25 жылға ұзартылды.

Биыл Фухимори рақымшылыққа ілініп мерзімінен бұрын бостандыққа шықты. Осы жайтқа байланысты халық қарсылық акциясын өткізді. Перуліктердің көпшілігі экс-президенттің жаза мерзімін толық өтеп шыққанын қалайды.

«Рақымшылық маған қатты әсер етті. Мен қатты қуаныштымын әрі бүкіл халықтың алдында ұяттымын. Мен халықтан кешірім сұраймын», деп сөзін аяқтады экс-президент. 

Қатысты Мақалалар