Бурдж Халифадағы Light Up 2018 көрсетілімі Гиннестің рекордтар кітабына енетін болды. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі Life.ru-ға сүйеніп жазады.
Дубайда жаңа жылдық түнде ең кең ауқымды лазерлік шоудан әлемдік рекорд орнатылды. Тарихи шоуды тамашалауға он мыңдаған адам келген. Light Up 2018 шоуы әлемдегі ең биік ғимарат – Бурдж Халифа маңындағы дәстүрлі отшашуды алмастырып үлгерді.
Аталмыш көрсетілім бір ғимаратта проекцияланған ең ауқымды лазерлік және дыбыстық шоу ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енетін болды.
Пікір қалдыру