Ағымдағы жылы АҚШ-та мұнай өндіру көрсеткіші 9,6 млн баррельді құрап рекордтық деңгейге жетті. Бұл жайында Qamshy.kz ақпарат агенттігі The Washington Post басылымының мәліметіне сүйене отырып хабарлайды.
Айта кетер болсақ, бұл елде мұнай өндіру көрсеткіші 1970 жылдары 10 млн баррельден асқан болатын.
Жергілікті басылымның хабарлауынша, мұндай өндіру көрсеткішінің өсуі негізінен битумды сланцовтарды өндіру технологиясын жетілдіру есебінен болған. Мұнай сланцы өндірісінен айтарлықтай пайда табу үшін әлемдік мұнай бағасы бір баррельге 55-тен 60 АҚШ долларына дейін өзгеруі қажет. Әлемдік экономиканың өсуі және Ресей мен ОПЕК елдерімен белгіленген шектеулері мұнай бағасының 60 доллардан асып кетуіне себеп болды.
Мұнай сланцыларының ірі ошақтары Техас, Монтана, Солтүстік Дакота, Оклахома, Колорадо, Вайоминг және Небраска штатының кейбір аудандары болып табылады. Сонымен қатар, өткен жылдың 22 желтоқсанында АҚШ президенті Дональд Трамп қол қойған салықтық реформасы Алясканың Арктикалық Ұлттық қорығында мұнай өндіру саласын дамытуға жол ашады.
АҚШ-та мұнай өндіру көрсеткішінің күніне 10 млн баррельге дейін жетуі осы уақытқа дейін мүмкін емес жағдай секілді көрінген болатын. Себебі, 2005 жылдың қыркүйек айында күніне тек 3,8 млн баррельге дейін ғана жеткен.
Жергілікті басылымдағы мәліметтерге сүйенер болсақ, АҚШ-тың күн сайын мұнай өнімдеріне сұранысы шамамен 20 млн баррельді құрайды екен. АҚШ-та мұнай өндіру көрсеткішінің өсуі оның мұнайды импорттауды қажет етпейтіндігін білдермейді, алайда қазіргі уақытта ол елде көптеген арзан табиғи газдар мен мұнай бар және де газды экспорттау ісін бастап кетті.
Пікір қалдыру