Ақпарат және коммуникациялар министрлігі атышулы Айжан Байзакованың Instagram парақшасының бұғатталуына қатысты пікір білдірді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
«Айжан Байзақованың Instagram парақшасының бұғатталуына ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің еш қатысы жоқ» деді ведомства өкілі.
Айжан Байзакова әлеуметтік желі әкімшілігі оның парақшасын қалпына келтіру мәселесін қарастырып жатқанын айтқан.
«Білмеймін. Менің ойымша, аккаунтқа көп адам шағым түсірген. Сот болған күні парақшам жабылып қалғаны есімде. Сотқа кіргенде Instagram парақшамды аша алмаған едім. Ол бұғатталды деп жазылып тұрған. Парақшамның қайтарылғанын күтіп жүрмін» деді Айжан Байзақова.