М.Əуезов атындағы драма театрының директоры 1,5 млн теңге парамен ұсталды

/uploads/thumbnail/20180105112052614_small.jpg

М.Əуезов атындағы академиялық қазақ драма театрының директоры Ерлан Біләл пара алғаны үшін ұсталды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

"Ерлан Біләлдің Жаңа жыл қарсаңында, балаларға арналған мерекелік шараларды өткізу үшін ғимаратты жалға алу мақсатында 1,5 млн теңге пара алғандығы анықталды",-делінген ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы  Ұлттық бюросының ресми өкілі  Нұрлан Жахиннің  хабарламасында.

М.Əуезов атындағы академиялық қазақ драма театрының директоры Ерлан Біләл  өзінің кінәсін толықтай мойындағандықтан қамауға алынған жоқ. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, Біләл Ерлан Әбділдаұлы — Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты, Бауыржан Момышұлы атындағы «Намыс» орденінің иегері, «Құрмет» орденінің иегері.

Ол  2011жылы М.Әуезов театрының директорның орынбасары болып тағайындалған. 2015 жылдан  бастап аталмыш театр директоры лауазымында.

пара

Қатысты Мақалалар