2017 жылы халықтан қанша қару сатып алынғаны белгілі болды

/uploads/thumbnail/20180105134532912_small.jpg

Қару-жарақ қолдану арқылы қылмыс жасаудың алдын алу мақсатында 2017 жылдың сәуірінен сол жылдың желтоқсанына дейін республика аумағында халықтан заңсыз түрде жарылғыш заттар мен оқ-дәрілерді сатып алу акциясы өтті. Бұл туралы ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаев Фейсбуктегі парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

«Шара нәтижесіне сәйкес, ішкі істер органдарына 3 мыңға жуық атыс қаруын, 60 мыңнан астам оқ-дәрі мен 14 келі жарылғыш заттарды өткізіп 2,1 мың азамат жүгінген. Халықтан қару-жарақты сатып алу шарасы 2012 жылдан бері жүргізіліп келеді», - деп жазды Садубаев.

Оның айтуынша, соңғы 5 жылда қару-жарақ қолдану арқылы жасалатын қылмыстар 55 пайызға төмендеген. Азаматтардың қару-жарақты, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды өз еріктерімен қайтарымсыз негізде тапсыру тәртібі Ішкі істер министрлігінің ресми сайтында орналасқанын атап өткен.

Қатысты Мақалалар