Дональд Трамп дауға қалды: президент туралы шындық жарияланды

/uploads/thumbnail/20171009105718609_small.jpg

АҚШ президенті Дональд Трамп өмірі туралы шындық жарияланған кітап жарыққа шығады. Майкл Уолфф есімді журналист өзінің «От пен қаһар: Трамп Ақ үйінің дәлізінде» атты кітап жазып, онда ел президенті туралы шындықтың бетін ашқан. Бұл туралы хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі BBC-ге сілтеме жасап хабарлайды.

Алайда, Трамп адвокаттары кітаптың жариялануына тосқауыл болмақшы. Кітап президенттің өзінен, жақындарынан, лауазымды тұлғалардан алынған 200 сұхбатқа негізделген.

Кітаптың қысқаша мазмұнында автор былай дейді: «Трамп өзінің жеңіске жеткенін естіген  кезде түрі елес көргендей өзгеріп кеткен, ал Меланьяның болса көзінен жас ағып, жылаған, Алайда, бұл бақыттың көз жасы емес еді. Бірнеше уақыт бойы Трамп қатты шошып, қорқып жүрген». Автордың айтуынша, Трамп өзінің жеңіске жететінін ойламаған және  күтпеген.

Трамп туралы ащы шындықты жария ететін бұл кітап бастапқыда дүйенбі күні сатылымға шығады деп жоспарланған. Алайда, Майкл Уолфф туындысын бүгін сатылымға шығаратынын мәлімдеді.

Қатысты Мақалалар