Мына 10 тәсілдің бірін қолдансаңыз тілегіңіз орындалады

/uploads/thumbnail/20180106180653638_small.jpg

Әлемдегі  елдердің көпшілігі арман мен тілектің қандай да бір іс-әрекет жасағаннан кейін міндетті түрде орындалатынына сенеді. Яғни белгілі бір әдіс-тәсіл қолдану керек деп есептейді. Соның ішінде әр түрлі елде Жаңа жыл мерекесінен кейін, оның қарсаңында тілек тілеу әдетке,  дәстүрге айналған. Себебі олар дәл осы мейрам тілектердің, армандардың орындалуына әсер ететініне сенеді.

Qamshy.kz ақпарат агенттігі AdMe.ru порталы ұсынған әр халықтың, тілек тілеу дәстүрлерімен бөлісуді жөн көрді.

  1. Испанияда тілек тілеп, жүзімнің 12  талын жеу керек. Сонда адамның арманы орындалады екен.

жүзім

2. Ресейде Жаңа жыл келерде сағат дәл 12:00-де тілек пен армандар жазылған қағазды жандырып күлін шампанға қосып ішеді.

Ресейде

3. Шотландияда тілекті отқа қарап тілейді де, Жаңа жылды құрметті қонақ секілді есікті ашып кіргізеді.

шотландия

4. Оңтүстік Кореяда Күн ұясынан шыққанда тілек тілейді. Осы уақытта тілеген тілек орындалады деп сенеді жергілікті халық.

корея

5. Перуде саяхаттағысы келетін адамның тілегінің орындалуына жол сандық әсер етеді, ал күйеуге шыққысы келетін қыздар үшін тал шыбығы көмектеседі екен.

Перу

6. Үндістанда батпырауықты апанға ұшырып, тілек тілейді. Ол көкке ұшып армандарды өзімен бірге алып кетеді.

 батпырауык

7. АҚШ-та Жаңа Жыл күні кәмпит қағаздарына оралған тілектерді көкке шашады. Сонда олар орындалады деп сенеді.

жана жыл

8. Болгарияда тілекті  қараңғы бөлмеде тілеп, содан кейін сүйікті адамды сүю дәстүрге айналған.

Бол

 9. Бразиялияда адамдар өз армандарын іштей айтып, қағаздан кеме жасап, оған шам жағып, суға жібереді.

0айы0

10. Ал Грузияда дастархан басында айтылған тілек пен армандардың барлығы орындалады деген сенім қалыптасқан.

Грузия

Ал, біздің елде, қазақ дәстүрінде арман мен тілек орындалу үшін қандай салт-жоралар қолданылады?

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар