Қара қар: Әкім экологтарға себебін анықтауды тапсырды (фото)

/uploads/thumbnail/20180107153104056_small.jpg

Теміртау қаласының әкімінен қалаға жауған қардың беті әп-сәтте қарайып кетуіне байланысты экология департаментіне хат жолданды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасай отырып. Теміртау әкімінің баспасөз хатшысы Ольга Горячеваның айтуынша, қала басшысы экологтарға қара түсті қардың суретін жіберіп, мәселенің мән-жайын анықтауды сұраған.

Жергілікті әкімдік осындай хатты экологтарға 2017 жылы да жіберген болатын. Қаладағы ең ірі кәсіпорын «АрселорМиттал Теміртау» 2017-2019 жылдың жұмыс жоспарына 23 экологиялық жоба кіретіні туралы хабарлама таратқан болатын. Әзірге байқалғаны ауаны сақтау бойынша 7 жоба, су ресурстарын қорғауға байланысты 3 жоба ғана.

Сонымен қатар, компания аталмыш жобаларға жүздеген миллион теңге жұмсап жатқанын айтады.

 қара қар

Қатысты Мақалалар