Бишімбаев: Елбасы мен қазақстандықтардан кешірім сұраймын

/uploads/thumbnail/20180108112150957_small.jpg

Қуандық Бишімбаев сотта түсініктеме беруді бастады. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі хабарлады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Ұлттық экономиканың экс-министрі қылмыстық ісінің мән-жайын түсіндіруге көшті. Сөз басында Елбасы мен қазақстандықтарды жерге қаратқанына өкінетінін айтты.

«Мен Қазақстан президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа мынаны айтқым келеді. Барлық кәсіби жетістіктерім үшін мемлекет басшысына қарыздармын. Қайда болсам да, «Самұрық», «Бәйтерек», министрлік болмасын Елбасының тапсырмаларын мүлтіксіз орындауға тырыстым. Ал президенттің тапсырмалары Қазақстан азаматтары үшін жасалды: тұрғылықты мекен, жұмы... Мен секілді жас маманға сенім артқан Елбасына ризамын», - деді сотта Қуандық Бишімбаев.

«Президенттің алдында айыпты екенімді мойындаймын. Мен жұмысқа шақырған адамдар: Жақсыбаев, Жакупов және өзгелері мені сатып кетті. Сол үшін Мемлекет басшысының алдында жауапқа тартылдым. Елбасының сенімін ақтай алмағаным үшін ұялып та, қиналып та тұрмын. Менің сеніміме кіріп, түбі соны пайдаланған адамдармен жұмыс істегем екенмін. Мемлекет басшысынан, халқымнан кешірім сұраймын», - деп мәлімдеді ұлттық экономиканың экс-министрі.

Сондай-ақ Бишімбаев айыптау актісінде сипатталған қылмыстар үшін кінәлі емес екенін жеткізді.  

Айта кетейік, Бұрынғы экономика министрі ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабының 4-бөлігінде көзделген  «пара алу» қылмысы бойынша және 189-бабы 2-тармағының 4-бөлігінде - «басқа адамдардың сеніп тапсырылған мүлкін тағайындау немесе ұрлау» бойынша айыпталған.

Қатысты Мақалалар