Инстаграм әлеуметтік желісінде жұлдызға айналған Айжан Байзақова The Эфир бағ,дарламасына сұхбат берді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
"Мен туралы жаман ойлағыңыз келсе, өз еркіңіз"-дейді Айжан.
"Мектепте нашар оқыдым. Тіпті сабақтан қуылған кездерім де болған. Ұл балалармен төбелесіп жүретінмін. Мектеп инспекторы әкемді жиі шақыртатын. Университетті 3-курстан кейін тастап кеттім. Себебі онда беретін білімді мен өзімде ізденіп оқи алар едім.
Тайквандо спортының үздігі болуды қаладым. Анам да осы бағытта танылғанымды қалады"-дедйі ол.
"Күнделікті өмірде далада жүрген кезде қасыма 6 жастағы қыздар келіп саған ұқсағымыз келеді дейді. Осындай кездері шыны керек ұяламын. Оларға менің парақшамды оқымаңдар деп айтамын. Бұл жағынан олардың маған еліктегені дұрыс емес деп ойлаймын. Интернетте менен сорақы, менен нашар өмір салтын ұстанатындар жетіп артылады. Шағымданатындарға баланы дүниеге әкелген соң, оны тәрбиелейтін өзіңсің. Ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін балаға түсіндір деп айтамын",-дейді Байзақова.
"Инстаграмдағы менің парақшама балағат сөздер жазатындардың көпшілігі үйде отырған балалы әйелдер. Олар менің еркіндігімді көре алмайды. Сыртқа шығып, қыдыра алмайтын әйелдер менің өмір салтыма қызыға қарайды"-дейді ол.
"Мен жақсы қыздар үшін еркектерден кек аламын".
Айжан өзінің өмір қалпын экс-сүйіктісінен өш алу үшін жасағанын айтады. Шындығына келгенде, осының бәрі бұрынғы махабаттымнан кек алу үшін жасалған болатын. Алайда, қазір ол менің парақшамды оқи ма, білмеймін.
Айжан Байзақованың айтуынша, осы уақытқа дейін оның басты табыс көзі- инстаграм желісіндегі жарнама арқылы болған. Сонымен бірге қазір жабылып қалған барынан да кіріс көрген.
"17 желтоқсанда барда болған жағдайға келер болсам, қыздар шешінеді деп күткен жоқпын және оларды шешінсін деп қинаған жоқпын. Шынымды айтсам, олардың шешінгеніне қатты таңқалдым. Осы оқиғаның ертесінде видео интернетке таралып кеткенін білген кезде, қыздар үшін уайымдадым. Өз-өздеріне қол жұмсап жүрмей ме деген ой келді.
Қамауда болған үш күнде 9 кітап оқым үлгердім. Барлығы менің қамаудан шыққан кейін түзелемін, өмір сүру қалпымды өзгертемін деп ойлады. Алайда, олай болатын болса, бұл мен емес, басқа болар еді. Ешкімнен кек алатын ойым жоқ. Онсыз да жеке өмірімнің проблемалары жетіп артылады"-дейді жас қыз.